28 қазан күні Алматы облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен 5-ші жыл қатарынан «Рухани келісім» күніне орай салтанатты бас қосу жиыны өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Рухани келісім күні әлемде жоқ. Тек 130-дан аса ұлт пен ұлыс мекендеген көп дінді, 18 конфессиялы Қазақстанда ғана бар. Атаулы күн - айрықша проблемаларға назар аудартуымен, рухани келісімді дәріптеуімен құнды. Алматы облысы дін істері басқармасының ұйытқы болуымен өткен басқосуға, жергілікті Талдықорған, Алматы, өңірлері бойынша өкілдері, Христиан діни бірлестіктері оның ішіндегі дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер өкілдері мен жоғарғы оқу орындарының оқытушылары қатысты. Алқалы жиында адамзаттың рухани дамуымен этносаралық келісіміне байланысты маңызды мәселерер талқыланып, дін тақырыбына баса мән берілді.
"Дінаралық пен ұлтаралық келісім ол өзінен өзі келе қоятын жайт емес. Ол үшін мемелекет, қоғам, әр азамат, оның ішінде дін саласында рухани саласында жүрген барлық мамандар ат салысу қажет. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап біздің елімізде рухани келісімге, бейбітшілікке аса мән беріліп келе жатыр. Мұндай мереке басқа елдерде жоқ" - деді Алматы облысының дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Бауыржан Ниет.
Мемлекеттің рухани әрі зайырлы қағидаттарын нығайтудағы қызметтері мен ұлағатты ұстазды және қайырымдылық жасаудағы қосқан үлестері үшін «Жоғары рухани қызмет», «Конфессияаралық келісімді дамытудағы қосқан үлесі үшін», «Рухани тәлімгерлік», «Сауапты іс», «Үлгілі ғибадатхана» номинациялары бойынша Алматы облыс әкімінің алғыс хаттарымен және 50 мың теңге ақшалай сыйақы табысталды.
"Бүгінде діннің атын жамылған дүмше ағымдар көбейіп барады. Тіпті ел арасына іріткі салмақ болатындар да бар. Қазірдің өзінде Қазақстанда экстремизм мен терроризмге қатысты баптар бойынша көптеген адам сотталған. Түрмедегі жазасын өтеп шыққаннан кейін үйренген ісін одан әрі жалғастырмасына ешкім кепіл бола алмас. Сондықтан да, басқа ағымның арбауына кеткендермен Алматы облысында жұмыс кешенді түрде жүргізілуде. Нәтижесі көңіл толтырарлық" - дейді дәстүрлі іс-шараның қонақтары.
Жалпы айтқанда, 30 белсенді азамат алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтардың иегері атанды. Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, дәстүрлі жиын өз жалғасын келер жылыда таппақ.