Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада 2027 жылы тағы екі Оқушылар сарайы ашылады

Астанада 2027 жылы тағы екі Оқушылар сарайы ашылады
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында келер жылы ашылатын Оқушылар сарайы туралы жазды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында елордамыз барлық бағыт бойынша дамып келеді. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлеміз. 

Нақтырақ айтқанда, білім беру ұйымдарын, балабақшалар, медициналық орталықтар мен спорт нысандарын және басқа да нысандар салып жатырмыз.
Мәселен, қазан айында екі мемлекеттік Оқушылар сарайы – «TANYM ART» (Бейбарыс сұлтан көшесі, 15, Сарыарқа ауданы) және «TANYM SPORT» (Төлеубаев көшесі, 3, Алматы ауданы) көпфункционалды кешені ашылды. Олар балалардың зияткерлік, шығармашылық және спорттық әлеуетін дамытуға бағытталған. 

Қосымша білім беру нысандарында бассейн, оқу кабинеттері, коворкинг аймақтары, спорт, концерт залдары және т.б. қарастырылған.

Соңғы жылдары елордада осындай 6 мекеме аштық. Олардың жалпы сыйымдылығы – 8 250 орын.
Қазір де бірқатар Оқушылар сарайының құрылысын жүргізіп жатырмыз. Мысалы, 2027 жылы қосымша білім беруге арналған тағы екі ірі мемлекеттік нысан – «TANYM TECH» және көпфункционалды спорт сарайын ашу жоспарланып отыр.

Алдағы жылдары қосымша білім беру нысандарының желісін кеңейту жұмысы жалғасады», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды