Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада түнгі ауысымда 600-ден астам жол жұмысшысы қар тазалап жатыр

Астанада түнгі ауысымда 600-ден астам жол жұмысшысы қар тазалап жатыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астананың коммуналдық қызметі толассыз қар жаууына байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қалада қар күреу жұмысы тәулік бойы жүріп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

27 қараша күні күндізгі ауысым кезінде ауыр жүк көліктері 84 рейс жасап, қаладан 1 200 текше метрден астам қар шығарды.

28 қарашаға қараған түні қар күреу жұмысына 600-ден астам арнайы техника мен 500-ден аса жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Ең алдымен негізгі магистральдық көшелер мен қоғамдық көлік жолдары қардан тазартылады. Одан кейін көлік қозғалысы орташа қарқынды учаскелер, яғни аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамалар тазартылады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы күндері елордада жаңбыр мен қар жауып, тұман, көктайғақ және боран болуы мүмкін.

Астана әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарын жолдар мен тротуарларда сақ болуға, қауіпсіздік шараларын ұстануға және жолға шығар алдын ауа райын ескеруге шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды