Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыдағы 2-ЖЭО-ны жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын: Премьер-министрдің бірінші орынбасары жұмыс барысын тексерді

Алматыдағы 2-ЖЭО-ны жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын: Премьер-министрдің бірінші орынбасары жұмыс барысын тексерді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды. Онда 2-ЖЭО және 3-ЖЭО-дағы энергетикалық нысандарды жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Жұмыстарды аяқтау мерзімі, қаланы энергиямен қамтамасыз ету сенімділігін арттыру және қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайту мәселелеріне баса назар аударылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінде 2-ЖЭО-ны табиғи газға көшіру жобасының жалпы дайындық деңгейі 97%-ға жетті. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға жақын, жабдықтар іске қосылып, баптау жүргізілуде.  Жаңғырту жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланған.

Құрылыс алаңына 1 300 маман мен 83 бірлік техника жұмылдырылған.

Нысанды аралау барысында Нұрлыбек Нәлібаевқа стансаның жаңа қуаттарды іске қосуға дайындығы туралы баяндалды. Ұсынылған кестеге сәйкес, жабдықтарды 25 желтоқсанға дейін толық қосу жоспарланып отыр.

3-ЖЭО-да заманауи бу-газ жабдықтарын орнату арқылы стансаны реконструкциялаужалғасуда. Жоба жүзеге асырылғаннан кейін стансаның электр қуаты 543,6 МВт-қа жетуі тиіс.

Нысанда 1 050 адам мен 79 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Аралау кезінде энергия блоктарын салу, жабдықтарды жеткізу және жаңа қуаттарды электр желілеріне қосу мәселелері қаралды.

Сонымен бірге екінші энергия блогының құрылысын бастау үшін аумақты дайындауда бірқатар техникалық қиындық туындағаны айтылды. Топырақтың инженерлік-геологиялық жағдайына,  қолданыстағы қондырғыларды бөлшектеуге байланысты мәселелер бар.

Аталған факторлар құрылыс алаңын дайындау қарқынына, екінші энергия блогының құрылыс-монтаж жұмысын жедел бастауға кедергі келтіріп отыр.

Осыған байланысты анықталған техникалық мәселелерді уақтылы шешуге, бөлшектеу және дайындық жұмыстарын үйлестіруге,  шектеулерді барынша азайтуға баса назар аударылды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары белгіленген мерзімді сақтауды, жұмыс кестесінен кешікпеуді тапсырды.

«Алматы тұрғындары үшін айрықша маңызы бар  жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей бақылауында. Сондықтан жұмыс барысын қадағалап, соңына дейін жеткізу қажет», — деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Жылу электр орталықтарын жаңғырту энергия өндіру қуаттарын жаңартып, мегаполисті энергиямен қамту сенімділігін арттырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды