Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Заң мен Тәртіп: қарақшылық шабуыл жасады деген күдікті 29 жылдан кейін шетелде ұсталды

Заң мен Тәртіп: қарақшылық шабуыл жасады деген күдікті 29 жылдан кейін шетелде ұсталды
Фото: polisia.kz

Жылдар өтсе де, арақашықтық алшақ болса да, ешкім жауапкершіліктен босатылмайды. Ішкі істер министрлігі жазаның бұлтартпастығы қағидатын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Жыл басынан бері полиция іздеуде жүрген 1 231 күдіктіні ұстады. Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен 20 110 азаматтың жүрген жерін анықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

4 қарашада Семей қаласында полиция қызметкерлері Қытайға бағыт алған жүк пойыздарынан мыс концентратын жүйелі түрде ұрлады деген күдікпен іздеуде жүрген 45 жастағы ер адамды ұстады. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 6 млн теңгеден асты. 20 қарашада Алматы қаласында Абай облысының полиция қызметкерлері 2020 жылғы қаңтарда Семей тұрғынынан күш қолдану арқылы 1 млн АҚШ долларын бопсалады деген күдікпен 40 жастағы ер адамды ұстады.

- Ішкі істер министрлігінің іздестіру жұмыстары ел аумағымен шектелмейді. Шетелдік құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылдың нәтижесінде жыл басынан бері Қазақстаннан тыс жерлерде іздеуде жүрген 149 адам ұсталды, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің өкілі Бекзат Кемал. 

22 қарашада Санкт-Петербург қаласында 1997 жылы Орал қаласында қарулы қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінген Қазақстанның 62 жастағы азаматы ұсталды. Қолда бар деректерге сәйкес, ер адам кейіннен сотталған сыбайласымен бірге тұрғын үйге кіріп, күш қолдану арқылы жәбірленушінің мүлкін иемденген. 20 қарашада Ташкент қаласында Қарағандыда қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 2025 жылдың қазан айынан бері іздеуде жүрген Қазақстанның 40 жастағы азаматы ұсталды. Келтірілген залал 4 млн 350 мың теңгені құрады. 

- ІІМ қылмыстың қашан жасалғанына және іздеуде жүрген адамдардың қай жерде екеніне қарамастан, оларды анықтау және ұстау бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Жазаның бұлтартпастығы – Заң мен Тәртіп қағидатының негізгі ұстанымдарының бірі, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің өкілі Бекзат Кемал.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды