Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да түзеу мекемесіне тыйым салынған зат алып кірмек болған күдікті ұсталды

СҚО-да түзеу мекемесіне тыйым салынған зат алып кірмек болған күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №51 мекемесінде тыйым салынған техникалық құрылғыны алып кіру әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотталғандарды ұстау режимін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және ҚАЖ мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттардың өтуіне жол бермеу мақсатында мекеме қызметкерлері тұрақты негізде профилактикалық және тексеру іс-шараларын жүргізеді. Осылайша, СҚО бойынша ҚАЖД №51 мекемесінде сотталған азаматпен ұзақ мерзімді кездесуге келген әйелді тексеру барысында мекеме қызметкерлері 5510 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, ішіне аудио және бейнежазба жүргізуге арналған камера орнатылған, сондай-ақ SD жад картасымен жабдықталған шарикті қалам түріндегі техникалық құрылғыны анықтап, тәркіледі.

Айта кету керек, ҚАЖ мекемелеріне келетін азаматтарға келу тәртібі, сондай-ақ алып кіруге рұқсат етілген және тыйым салынған заттардың тізбесі алдын ала түсіндіріледі. Соған қарамастан, азаматша тыйым салынған құрылғыны мекеме аумағына алып кіруге әрекет жасаған. Қызметкерлердің қырағылығы мен кәсіби әрекеттерінің арқасында тыйым салынған затты алып кіру әрекетінің жолы дер кезінде кесілді. Аталған азаматшаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 399-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалады. Азаматтардың назарына! Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды беруге немесе алып кіруге әрекет жасау заңсыз әрекет болып табылады және заңнамада көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Баршаңызды мекемелерге келудің белгіленген тәртібін сақтауға және белгіленген талаптарды бұзатын әрекеттерге жол бермеуге шақырамыз.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды