Мемлекет басшысы Албания Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албанияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Президент достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты ықпалдастық одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайдың жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал Албания халқына бақ-береке тіледі.