Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада қар тазалауға 3 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды

Астанада қар тазалауға 3 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген ауысымдық режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Өткен түнде қаладан қар полигондарына жүк көліктерінің 992 рейсі арқылы 16 мың текше метрден астам қар шығарылды.

29 қараша күні таңертең көшелерді қар мен көктайғақтан тазарту жұмыстарына 3 мыңнан астам жол жұмысшысы және 1000-нан аса арнайы техника жұмылдырылды.

Алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланады. Одан кейін көлік қозғалысы орташа деңгейдегі аумақтарда, атап айтқанда аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда тазалық жұмыстары жүргізіледі.

Қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себілуде.

Қысқы кезең басталғалы бері елордадан екі мыңнан астам жүк көлігіне тиелген қар шығарылды.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын жолдар мен тротуарларда мұқият болуға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және сапарларын жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды