Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкенттегі «17» жастар театры жаңа ғимаратқа қоныстанды

Шымкенттегі «17» жастар театры жаңа ғимаратқа қоныстанды
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкенттегі «17» Жастар театры өз меншігіндегі жаңа ғимаратқа көшті. Бұған дейін жалдамалы орында жұмыс істеп келген шығармашылық ұжым үшін бұл маңызды оқиға болды. Осыған орай ғимараттың ашылу рәсімі өтті. Салтанатты жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, театр ұжымын жаңа ғимаратқа қоныстануымен құттықтады. Ол шығармашылық ұжымның алдағы уақытта көрерменге жақсы қойылымдар ұсынып, өңір мәдениетінің дамуына үлес қосатынына сенім білдірді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«17» жастар театры 2018 жылы қалалық Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры жанынан студия ретінде құрылып, 2019 жылы жеке театр болып жұмысын бастаған. Содан бері ұжымның тұрақты ғимараты болмаған. Жаңа нысанның құрылысы үш жылға созылып, енді театр өз жұмысын осы жерде жалғастырмақ.
Театр директоры әрі көркемдік жетекшісі Рүстем Әуелбековтің айтуынша, заманауи талаптарға сай жабдықталған ғимарат 80 көрерменге арналған. Камерлік форматта жұмыс істейтін театрда 20 адамнан құралған шығармашылық топ жұмыс істейді.
Театр жетекшісі жаңа ғимарат шығармашылық жоспарларды жүзеге асыруға мол мүмкіндік беретінін айтты. Биыл ұжым бірнеше өңірде гастрольдік сапарда болып, республикалық байқауларға да қатысқан. Сонымен қатар өнер иелерімен бірлескен спектакль-концерттер ұйымдастырған.

– Заманауи үлгіде салынған ғимаратта енді жаңа жобалар жасап, тың қойылымдар ұсынуға жағдай бар. Алдағы жоспарымыз – түрлі шығармашылық эксперименттер жасап, көрерменді жаңа қойылымдармен қуантамыз, – деді театр жетекшісі.

Ашылу салтанатынан кейін шығармашылық ұжым жаңа сахнадағы алғашқы «Мені күт» спектаклінің премьерасын ұсынды. Режиссері – Шағуан Үмбетқалқиев. Қойылымда ерлі-зайыптылардың арасындағы сезім, түсініспеушілік пен ажырасуға алып келетін жағдайлар көрініс тапты.
Жиын соңында театр ұжымына қала әкімінің ықылас гүлі табысталды. Енді шығармашылық ұжым жаңа ғимаратта жұмысын жалғастырып, көрерменге түрлі жанрдағы қойылымдар ұсынбақ.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды