Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер қан кетіп, жағдайы нашарлаған ер адамды ауруханаға шұғыл жеткізді

СҚО-да полицейлер қан кетіп, жағдайы нашарлаған ер адамды ауруханаға шұғыл жеткізді
Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында патрульдік полиция қызметкерлері отадан кейін жағдайы күрт нашарлаған ер адамды ауруханаға жедел жеткізіп, дер кезінде медициналық көмек алуына жәрдемдесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 25 қараша күні сағат 16:15 шамасында Челябі – Новосібір автожолының Знаменское ауылы маңында болған. Қызметтік міндетін атқарып жүрген патрульдік полиция қызметкерлеріне Chery Tiggo автокөлігін тізгіндеген әйел көмек сұрап жүгінген. Ол жақында ота жасалған әкесін ауруханаға алып бара жатқанын, алайда жағдайы күрт нашарлағандықтан, медициналық мекемеге тезірек жету үшін полицияның көмегі қажет екенін айтқан.

– Әкемнің жағдайы кенеттен нашарлап, операциядан кейінгі тігістерінен қан кете бастады. Жағдай өте күрделі болды. Оған шұғыл медициналық көмек қажет еді. Аурухананың хирургия бөлімінде дәрігерлер күтіп отырған болатын, – деп жазды әйел кейін полицейлерге жолдаған алғыс хатында. 

Жағдайдың шұғыл екенін түсінген тәртіп сақшылары науқасты қызметтік автокөлікке отырғызып, дереу ауруханаға бет алған. Бұл уақытта жолдағы жағдай да қолайсыз еді. Кешкі уақытта мұз қату қаупі болғандықтан, өзге көліктің жоғары жылдамдықпен ілесіп жүруі қауіпті еді. Полицейлер қызметтік көліктің жарқылдауық шамдары мен арнайы дыбыстық сигналын қосып, ер адамды шамамен 20 минут ішінде медициналық мекемеге жеткізген.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды