Елордада 446 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Таңертеңнен бастап дауыс беруге келген қала тұрғындарының белсенділігі байқалады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Барлық сайлау учаскесінде азаматтардың, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың дауыс беруіне қажетті жағдай жасалған. Сонымен қатар денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне өздігінен келе алмайтын азаматтар тұрғылықты жері бойынша дауыс бере алады.
Айта кетейік, әр тұрғын өзіне тиесілі сайлау учаскесін бірнеше жолмен анықтай алады. Атап айтқанда:
* sailau.astana.kz ресми сайты арқылы;
* «Сайлау Астана» Telegram чат-боты арқылы;
* 109 нөмірі бойынша iKomek бірыңғай байланыс орталығына хабарласып білуге болады.
Сондай-ақ бүгін Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде, қалалық, экспресс және қала маңындағы автобустарда жол жүру тегін. Бұл шара қала тұрғындарының еркін қозғалуына және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыруға бағытталған.