Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында соғыс ардагерлері мен ғасыр жасаған қариялар дауыс берді

Алматы облысында соғыс ардагерлері мен ғасыр жасаған қариялар дауыс берді
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен ғасыр жасаған қариялар да белсенді қатысуда,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жасы мен денсаулығына байланысты кейбірі үйден дауыс берсе, енді бірі сайлау учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауын жасады. 

Мәселен, Іле ауданында тұратын 103 жастағы соғыс ардагері Тәңірберген Толғанбаев пен Жамбыл ауданындағы 99 жастағы майдангер Федор Ковалев үйден дауыс берді. 





Райымбек ауданының Сарыбастау ауылында тұратын 103 жастағы Раушан Нұрақынова да өз таңдауын үйінде жасады. №781 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері дауыс беру жәшігін алып, кейуананың үйіне арнайы барды. Ақ жаулықты әже комиссия өкілдерін қарсы алып, азаматтық құқығын пайдаланды.

Кеген ауданында тұратын 104 жастағы тыл ардагері Күлпара Шортанова да сайлауға белсенді қатысты. №573 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері әжейдің өтініші бойынша шаңырағына бюллетень мен дауыс беру жәшігін жеткізді. 

Ғасырдан астам ғұмыр кешкен Күлпара әже бүгінде 39 немере, 73 шөбере және 7 шөпшектің қызығын көріп отырған үлкен әулеттің ақылшысы. Оның сайлауға қатысуы – азаматтық жауапкершіліктің жасқа қарамайтынын көрсететін өнеге.

Ал Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында тұратын 105 жастағы Аятхан Шәріпқожа сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. Алты баласынан тараған немере, шөбере, шөпшектерінің қызығын көріп отырған ақ жаулықты ана сайлау учаскесіне келіндері мен немерелерін ерте келіп, өз таңдауын жасады.  

«Ең бастысы – еліміз тыныш, халқымыз аман болсын. Жастарымыздың болашағы жарқын болып, елдің, өңірдің дамуына еңбек ететін азаматтар көбейсін», – дейді Аятхан апа.

Талай тарихи кезеңнің куәсі болған ардагерлер мен ғасыр жасаған қариялардың сайлауға қатысуы, олардың ел өміріне бейжай қарамайтынын аңғартады. Қариялардың бұл қадамы кейінгі ұрпаққа азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетеді.

Айта кетейік, Алматы облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында 1 056 474 адам дауыс беру құқығына ие. Олардың қатарында биыл 18 жасқа толып, алғаш рет сайлауға қатысып жатқан 8 296 жас бар. 

Өңірде таңғы сағат 7:00-ден бастап 683 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысында соғыс ардагерлері мен ғасыр жасаған қариялар дауыс берді
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды