Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан құрамасы WorldSkills Shanghai 2026 әлем чемпионатына қатысады

Қазақстан құрамасы WorldSkills Shanghai 2026 әлем чемпионатына қатысады
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

22-27 қыркүйек аралығында Қазақстан құрамасы Қытайдың Шанхай қаласында өтетін WorldSkills Shanghai 2026 әлемдік кәсіби шеберлік чемпионатына қатысады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға ерекше назар аударып келеді. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі - жастардың кәсіби шеберлігін халықаралық деңгейде шыңдап, әлемдік тәжірибемен алмасуына мүмкіндік жасау.

Қазақстан атынан чемпионатқа 33 жас маман қатысып, 31 құзыреттілік бойынша бақ сынайды. Олардың қатарында мехатроника, инженерлік графика, CNC технологиялары, бағдарламалық және мобильді қосымшаларды әзірлеу, дәнекерлеу, электроника, мобильді робототехника, электромонтаж, өнеркәсіптік дизайн, аспаздық, автокөліктерді жөндеу, ұшқышсыз ұшу аппараттары жүйелері және басқа да заманауи бағыттар бар.

WorldSkills - жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға және жастардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған халықаралық қозғалыс. Қазақстандағы WorldSkills қозғалысының ұлттық операторы - Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» КеАҚ.

Биылғы әлем чемпионатында 70-тен астам ел мен өңірден 1400-ден астам жас маман 64 құзыреттілік бойынша өз шеберлігін көрсетеді. Чемпионаттың ашылу салтанаты 22 қыркүйекте өтеді. Негізгі жарыстар 23-26 қыркүйек аралығында Шанхай ұлттық көрме және конгресс орталығында ұйымдастырылып, 27 қыркүйекте жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды