Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан ұлттық құрамасы 47-ші халықаралық WorldSkills чемпионатына аттанды

Қазақстан ұлттық құрамасы 47-ші халықаралық WorldSkills чемпионатына аттанды
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстан ұлттық құрамасы 10-15 қыркүйек аралығында Францияның Лион қаласында өтетін 47-ші халықаралық WorldSkills чемпионатына қатысады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

WorldSkills чемпионаты жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және жастар арасында кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған. Биылғы жылы Халықаралық чемпионатқа 65-тен астам ел мен аймақтан 1500 студент қатысады деп күтілуде, олар 62 құзыреттілік бойынша сайысқа түседі. Қазақстан құрамасына 32 қатысушы, 30 сарапшы, сондай-ақ ресми және техникалық делегаттар енді. Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева қазақстандық құрамамен - 2023 жылы WorldSkills Kazakhstan республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында жеңіске жеткен қатысушылармен кездесіп, оларға сәт сапар тіледі.
«Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Биылғы жылы қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық құндылықтарын ілгерілетуге ерекше назар аударылатын болады. WorldSkills халықаралық чемпионаттарына қатысу жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, оқу процесіне заманауи құралдарды енгізуге және жаңа құзыреттерді дамытуға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде елдің экономикалық өсуіне және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді», — деп атап өтті Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева.
 Айта кетейік, 2023 жылы Қазақстан құрамасы алғаш рет Гданьскідегі Euroskills чемпионатында 2 медаль және 4 медальон жеңіп алған болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады