Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«WorldSkills Astana-2026»: Астанада кәсіби шеберлік чемпионаты өтіп жатыр

«WorldSkills Astana-2026»: Астанада кәсіби шеберлік чемпионаты өтіп жатыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордада XI қалалық «WorldSkills Astana-2026» кәсіби шеберлік чемпионаты өтіп жатыр. Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және техникалық-кәсіптік білім беру саласындағы үздік тәжірибелерді насихаттауға бағытталған ауқымды шара 15 мамыр күні салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биылғы чемпионатқа 55 құзыреттілік бойынша 347 қатысушы бақ сынауда. Сонымен қатар жарыстың әділ әрі сапалы өтуін қамтамасыз ету мақсатында 291 сарапшы тартылған.

2026 жылғы 20 мамырдағы мәліметке сәйкес, қатысушылар бүгінгі күнге дейін 31 құзыреттілік бойынша жарыс тапсырмаларын аяқтады.

Қаланың 17 алаңында және әлеуметтік серіктестер базасында түрлі бағыттар бойынша үздіктер анықталуда. Атап айтқанда, веб-технологиялар, мобильді қосымшаларды әзірлеу, желілік және жүйелік әкімшілендіру, ақпараттық қауіпсіздік, бизнестегі IT шешімдер, АКТ желілерінің инфрақұрылымы, мехатроника, мобильді робототехника, өнеркәсіптік автоматика, электроника, дәнекерлеу технологиялары, СББ станоктарындағы токарлық және фрезерлік жұмыстар, зертханалық және химиялық талдау, кірпіш қалау, сантехника және жылыту, құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары, плиткамен қаптау, электрмонтаждау, әрлеу және сәндік жұмыстар, графикалық дизайн, сән технологиялары, компьютерлік ойындарды 3D модельдеу, жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету, ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану, аспаз және кондитерлік іс, шаштараз өнері, наубайхана ісі, прототиптеу, мейрамхана қызметі, бастауыш сыныптарда оқыту, шанақ жөндеу, ағаш шеберлігі, кәсіпкерлік, E-mobility, қонақүй әкімшілігі, флористика, мобилография, мектепке дейінгі білім беру, бейнемонтаж, бұлттық бағдарламалау, электровозды басқару, теміржол көлігіндегі тасымалдау процесін басқару, Industry 4.0, ландшафтық дизайн және интернет-маркетинг бағыттары қамтылған.

Сонымен қатар WorldSkills Astana-2026 аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар колледж студенттері арасында кәсіби шеберлік бойынша «Abilympics» және «DeafSkills» чемпионаттары, сондай-ақ елордалық мектеп оқушылары арасында «Jasskills» чемпионаты ұйымдастырылуда.

Қалалық чемпионат жеңімпаздары осы жылдың күзінде өтетін «WorldSkills Kazakhstan-2026» республикалық чемпионатында Астана намысын қорғайды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі және чемпионаттың жабылу салтанаты 2026 жылғы 26 мамыр күні өтеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді