Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда түтін шыққан үйге асыққан полицейлер үш адамды өрт қаупінен аман алып қалды

Павлодарда түтін шыққан үйге асыққан полицейлер үш адамды өрт қаупінен аман алып қалды
Фото: polisia.kz

Павлодар да тұрғын үйлердің бірінен түтінді байқаған полицейлер көмекке асығып, бір отбасының амандығын сақтап қалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Патрульдік полиция қызметкерлерінің қырағылығы мен жедел әрекетінің арқасында жеке тұрғын үйде болған өрт қаупі кезінде бір отбасы аман қалды. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Дәурен Қамзин мен Болат Бекмағамбет патрульдеу барысында жеке тұрғын үйлердің бірінен қою түтін шығып жатқанын байқайды. Полицейлер жағдайдың қауіпті екенін аңғарып, дереу әрекетке кірісті. Түтін шыққан үйді анықтаған соң, қоршаудан асып өтіп, ішінде адамдардың бар-жоғын тексеру үшін үйге кірген. Тексеру барысында үйде екі ересек адам мен бала бары анықталды. Ересектер ұйықтап жатқандықтан, үйдегі өрт қаупін байқамаған.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды оятып, қауіп туралы ескертіп, өрт сөндіру қызметін шақырды. Олардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында отбасыға төнген қауіп туралы уақытылы хабар беріліп, қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды. Бұл оқиғада полицейлердің кәсіби дайындығы мен адам өміріне деген жауапкершілігі айқын көрінді. Олар түтінді байқап қана қоймай, қауіпке бейжай қарамай, адамдардың амандығы үшін қажетті шараларды жедел қабылдады. Қырағылық, батылдық және шұғыл әрекет етуге дайын болу – Дәурен Қамзин мен Болат Бекмағамбеттің бойынан табылған қасиеттер. Олардың бұл әрекеті халыққа қызмет етудің, азаматтардың қауіпсіздігі мен өмірін қорғаудың жарқын үлгісі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды