Сс, 15 сәуір 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өскеменде полицейлер өртеніп жатқан үйден адамдарды құтқарып қалды

Өскеменде полицейлер өртеніп жатқан үйден адамдарды құтқарып қалды
Фото: Polisia.kz

Өскеменде полицейлер өртеніп жатқан үйден адамдарды құтқарып қалды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түнгі патрульдеу кезінде ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері — Жанасыл Базарханов пен Жасұлан Оралбеков Согра кентіндегі тұрғын үйдегі өрттің алдын алып, бірнеше адамның өмірін сақтап қалды.

Түнгі сағат екі шамасында Юннатов көшесін патрульдеу кезінде полицейлер жеке үйден шыққан түтінді байқайды. Күдіктеніп, бірден аулаға кірген олар үйден шығып келе жатқан ерлі-зайыптылар мен кішкентай қызды көреді. Сол сәтте үйдің ас бөлмесі өрт құшағына оранған еді. Жанасыл Базарханов жедел түрде өрт сөндіру қызметіне хабарласып, әйел мен баланы қауіпсіз жерге — қызметтік көлікке шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсете отырып, дереу жедел жәрдем шақырады. Ал Жасұлан Оралбеков қолда бар құралдармен жалынды сөндіруге кіріседі. Сол уақытта олар тағы бір күйік шалған азаматты қауіпсіз жерге шығарып, келген медицина қызметкерлеріне тапсырады.

Үй ішінде басқа адам жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін, полицейлер екі газ баллонын тауып, оларды жарылыс қаупін болдырмау үшін дереу қауіпсіз қашықтыққа алып шығады. Бұдан кейін де олар өрт сөндірушілер келгенше тілсіз жаумен күресті жалғастырды. Тәртіп сақшыларының жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында үлкен қайғылы жағдайдың алдын алынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты