СҚО-да жедел уәкіл екі адамды өрттен аман алып қалды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Новоишим аудан орталығында Мира көшесіндегі үйдің кіре берісінен өрт шыққан. Өртті аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі Өмірсерік Бірім байқап қалған. Полиция қызметкері дереу өрт сөндірушілерді шақырып, қоршаудан өтіп, терезелерді қаға бастады.
Үлкен үйде оны бірден естіген жоқ. Сәл уақыттан соң екінші қабатта ұйықтап жатқан 20 жастағы жігіт оянды. Ол үйде 85 жастағы әжесінің бар екенін айтты.
Өрт жайылып бара жатты. Үйде электр қуаты болмаған. Қараңғыда Өмірсерік зейнеткерді тауып алып, оятып, үйден аман-есенг шығарып алды. Осы уақытқа дейін өрт сөндіру есебі өртті жоюмен айналысып жатты.
Келесі күні аудандық полиция бөлімінің бастығы Марат Әлжановтың қабылдауына үй иесі — полицейлер құтқарған адамдардың қызы мен анасы келді. Өрт болған түні ол облыс орталығында болған. Әйел адам батылдық танытып, жедел құтқару шараларына кіріскен полицейге алғысын жеткізді.
– Қауіпке қарамастан, Өмірсерік Бірім жақындарымды құтқарды. Шексіз алғысымды білдіремін. Мұндай қызметкерлер – біздің полицияның нағыз мақтанышы, – деді тұрғын.