Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада реновация бағдарламасы аясында тағы бір тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Астанада реновация бағдарламасы аясында тағы бір тұрғын үй кешені пайдалануға берілді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елорданың Байқоңыр ауданында реновация бағдарламасы аясында салынған кезекті тұрғын үй кешенінің кілттері жаңа пәтер иелеріне салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл жолы Тараз көшесі, 8 мекенжайында орналасқан «Дәрмен-2» тұрғын үй кешенінің тұрғындары баспаналы болды. Тұрғын үй кешені жеке инвестиция есебінен салынды.

Жаңа баспана тұрғындардың тұрмысын жақсартуға, ескі тұрғын үй қорын жаңартуға және ауданның сәулеттік келбетін жаңғыртуға бағытталған реновация бағдарламасының кезекті нәтижесі болып саналады.

Айта кетейік, биыл шілде айында Байқоңыр ауданында осы бағдарлама аясында алғашқы «Дәрмен-1» тұрғын үй кешенінің кілттері табысталған болатын. Бұл жолы аталған жобаның жалғасы ретінде «Дәрмен-2» тұрғын үй кешені пайдалануға беріліп, кезекті тұрғындар жаңа баспанаға ие болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2027 жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялауды ұсынды. Осы бастама аясында ел көлемінде тұрғын үй құрылысын дамыту, ескі тұрғын үй қорын жаңарту және инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыс кезең-кезеңімен жалғасын табады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды