Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстауда полиция өртенген үйден адамдарды аман алып шықты

Маңғыстау полицейлері өртенген үйден адамдарды аман алып шықты, деп хабарлайды Polisia.kz. 

21 желтоқсан күні Қарақия ауданына қарасты Құрық елді мекенінде екінші шағын аудандағы көпқабатты үйлердің пәтерінің бірінен өрт шыққан. Қоғамдық тәртіпті бақылауда ұстап, көшелерді патрульдеп жүрген учаскелік полиция инспекторлары Аслан Есенгалиев пен Айдос Думаш кезекші бөлімнен хабарлама түскен бойда бірден мекенжайға бағыт алған. Осылайша, оқиға орнына барғанда 2-қабаттағы пәтерден түтін шығып жатқанын көріп, бірден адамдарды эвакуациялауға кіріскен. Өрт болған қабаттан 9 адамды алып шыққаннан кейін басқа да пәтерлерді тексеру барысында үстіңгі қабаттағы пәтердің бірінде анасы мен баласының қалып қойғанын байқаған.
Учаскелік полиция инспекторлары жедел әрекет еткен, ал әріптестері Аслан Есенгалиев 7 жас шамасындағы жасөспірімге противогаз кигізіп, анасы екеуін далаға шығаруға көмектескен. Қасындағы әріптесі тағы бір ересек әйелді эвакуациялаған. Осылайша полиция қызметкерлері адам өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің алдын алды. Тұрғындар Қарақия ауданы полиция бөлімінің қызметкерлеріне шексіз ризашылығын білдіріп, қызметтері үшін алғысын білдірген. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады