Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Alatau City жобасы: Қанат Бозымбаев әлемнің жетекші сәулет бюроларының өкілдерімен кездесті

Alatau City жобасы: Қанат Бозымбаев әлемнің жетекші сәулет бюроларының өкілдерімен кездесті
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласының сәулеттік даму тұжырымдамасының таныстырылымына қатысты. Әлемге танымал екі компания – Zaha Hadid Architects және Skidmore, Owings & Merrill LLP (SOM) өздерінің авторлық идеяларын ұсынды. Бұл компаниялар портфолиосында Дубайдағы Burj Khalifa, Нью-Йорктегі One World Trade Center, Бейжіңдегі Leeza SOHO сынды әйгілі биік ғимараттар бар, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрсетілген жобаларда Alatau City  қаласының дизайн-коды мен қаланың танымал белгісіне айналатын Iconic building жобасының нобайы таныстырылды. Ұсынылған шешімдер заманауи халықаралық сапа стандарттарын ескере отырып, тік бағыттағы құрылысты және аса биік ғимараттар салу ісін дамытуға бағдарланған.

Сондай-ақ қалалық ортаны кешенді түрде дамытуға ерекше назар аударылды. Бұл ретте көлік инфрақұрылымы, кіреберіс магистральдар, табиғи ландшафттар мен аймақтың климаттық ерекшеліктері ескерілді. Қоғамдық кеңістіктерді басым бағыт ретінде дамыту да маңызды бөлік ретінде қарастырылды.

Кездесу соңында Қанат Бозымбаев сәулет бюроларының өкілдеріне ұсынған идеялары үшін алғыс білдіріп, тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті