Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада «САЯХАТ 2026» халықаралық туристік форумы өтеді

Астанада «САЯХАТ 2026» халықаралық туристік форумы өтеді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада 17-19 қыркүйек аралығында «САЯХАТ 2026» Kazakhstan Travel Forum халықаралық туристік форумы өтеді. «Тәуекелсіз туризм» тақырыбына арналған іс-шараға мемлекеттік органдардың, туристік бизнес өкілдерінің, әуе компаниялары мен қонақүй саласының мамандары, сондай-ақ халықаралық серіктестер қатысып, туризмді қауіпсіз дамыту мәселелерін талқылайды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

17 қыркүйекте форум қатысушылары үшін елорданың туристік инфрақұрылымымен танысу бағдарламасы ұйымдастырылады. Оның аясында Астана бойынша шолу экскурсиясы және қонақүй нысандарына инфотур өткізіледі.

Форумның негізгі іскерлік күні 18 қыркүйекте EXPO халықаралық көрме орталығында өтеді. Бағдарламада панельдік пікірталастар мен сараптамалық сессиялар, B2B кездесулері, туристік өнімдердің таныстырылымдары, халықаралық көрме экспозициясы және келісімдерге қол қою рәсімі қарастырылған.

19 қыркүйекте форум Астананың Орталық саябағында «Туризм – әркімнің ісі» тұжырымдамасы аясындағы қалалық мерекемен жалғасады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қалалық жүгіру жарысы, гастрономиялық фестиваль, спорттық және отбасылық іс-шаралар, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастырылады.

Форумды «Туристік Қамқор» корпоративтік қоры мен ҚР Туризм және спорт министрлігі Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді