Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда ALMA LOVE 2026 онкүндік жастар фестивалі өтеді

Алматыда ALMA LOVE 2026 онкүндік жастар фестивалі өтеді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда 2-11 тамыз аралығында Халықаралық жастар күніне орай ALMA LOVE 2026 қалалық жастар фестивалі өтеді. Фестиваль аясында қаланың әртүрлі аудандарында білім беру, шығармашылық, спорт, экология және еріктілік бағытындағы іс-шаралар ұйымдастырылады. Оған кемінде 20 мың адамның қатыспақ. Бұл туралы фестиваль ұйымдастырушысы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы ALMA LOVE фестивалі «Қала сенен басталады. Город начинается с тебя» атауымен өтеді. Фестивальдің негізгі идеясы – жастардың қаланың дамуына жеке жауапкершілігін арттыру, қоршаған орта мен қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау, заңды құрметтеу және қоғамдық маңызы бар бастамаларға белсенді қатысу мәдениетін қалыптастыру.

«ALMA LOVE 2026 аясында қоршаған ортаға және қоғамдық ресурстарға жауапкершілікпен қарауға, үнемшілдік қағидаттарын насихаттауға, жасампаздық мәдениетін, өзара сыйластық пен белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға ерекше назар аударылады», – деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Фестиваль EcoVibe экологиялық челленджімен басталады. Оның қатысушылары аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді көріктендіру жұмыстарына атсалысады. Комьюнити орталықтарда қаржылық сауаттылық, саналы тұтыну, экология және азаматтық белсенділік тақырыптарына арналған LEVEL UP білім беру ойындары өтеді. Ал Арбатта Avenue Talent жобасы аясында жас музыканттар, ақындар мен орындаушыларға арналған ашық сахна ұйымдастырылады.

Фестивальдің негізгі іс-шараларының бірі ALMA LOVE Talks форумы. Оған жас кәсіпкерлер, ғалымдар, спортшылар, қоғам қайраткерлері қатысып, тәжірибесін бөлісіп, жүзеге асырған жобалары туралы әңгімелейді.Бағдарлама аясында Сайран жағалауында ашық аспан астындағы кино көрсетілімі, JasAlmaty Cup – 2026 футбол турнирі, Youth Nomads ұлттық ойындар фестивалі, «Жағалаудағы Абай» жобасы және «UNICEF Жастар форумы - 2026» халықаралық форумы да өтеді.

Фестиваль 11 тамызда «Шабыт» жазғы амфитеатрындағы мерекелік концертпен қорытындыланады. Концерт барысында танымал өнерпаздар өнер көрсетіп, белсенді жастарды марапаттау рәсімі жоспарланған. Кештің басты қонағы – Айқын Төлепберген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді