Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада құрылыс алаңынан 1,2 млн теңгенің кабелін қолды қылған күдікті ұсталды

Елордада құрылыс алаңынан 1,2 млн теңгенің кабелін қолды қылған күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Астана қаласының полиция қызметкерлері құрылыс нысанынан ірі көлемде мүлік ұрлаған күдіктіні анықтады, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Анықталғандай, 34 жастағы ер адам таңғы уақытта Қалдаяқов көшесінде орналасқан құрылыс алаңына келіп, еркін қолжетімділікті пайдалану арқылы бетонды жылытуға арналған кабельді жасырын жымқырған. Ұрланған мүліктің жалпы құны 1 миллион 200 мың теңгені құрады. Құрылыс нысанының жауапты тұлғасы келтірілген шығын бойынша полицияға арызданған.

Оқиғаға байланысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген полиция қызметкерлері құрылыс алаңындағы және оған жақын аумақтағы бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтады. Кейін ол ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.Полиция құрылыс нысандарының иелеріне бағалы құрылыс материалдарын күзетілетін жерде сақтауды, аумақты бейнебақылау жүйелерімен және жарықтандыру құралдарымен жабдықтауды ұсынады. Сонымен қатар полиция азаматтарға бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді