Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талдықорғанда полиция есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларын тексерді

Талдықорғанда полиция есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларын тексерді
Фото: polisia.kz

Талдықорған қаласының полиция қызметкерлері алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынатын және профилактикалық есепте тұрған азаматтармен күнделікті негізде алдын алу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Учаскелік полиция инспекторлары есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларына барып, профилактикалық әңгімелесулер өткізеді, заң талаптарын түсіндіріп, құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігін ескертеді. Жыл басынан бері алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынатын 2 200-ге жуық азамат профилактикалық есепте тұр. Әсіресе алкогольдік масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтардың, отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда. Мұндай жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, құқық бұзушылықтарға ықпал ететін қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтауға, қайталанатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған.

Полиция алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтыну көбіне тұрмыстық жанжалдар мен құқыққа қайшы әрекеттерге себеп болатынын еске салады. Құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету “Заң мен тәртіп” қағидаты аясындағы полиция қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды