Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет Солтүстік Қазақстан облысындағы жылу магистралі құрылысына 650 млн теңгеге жуық қаржы бөлді

Үкімет Солтүстік Қазақстан облысындағы жылу магистралі құрылысына 650 млн теңгеге жуық қаржы бөлді
Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен резервтен Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы жылу магистралінің құрылысын аяқтауға шамамен 650 млн теңге бөлінді. Жүйелі жаңғырту Мемлекет басшысының Парламент палаталарының бірлескен отырысында еліміздің энергетикалық және инфрақұрылымдық әлеуетін нығайту жөнінде берген тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаражат Ж.Жабаев – А.Шәжімбаев – Новая – Ы.Алтынсарин көшелері бойындағы учаскелердегі жылу желісінің құрылысына бағытталған.

2026 жылы 1,4 шақырым демонтаждалып, жаңа жылу желілері тартылады. 2025 жылы 0,7 шақырым жылу желілері жаңартылған. Осылайша, бөлінген қаражатқа Петропавл қаласындағы ұзындығы 2 шақырымнан асатын № 2 магистралін жөндеу жұмыстары аяқталады.      Жобаны жүзеге асыру 80%-дан астам тозған магистральды ауыстыруға және 30 мыңнан астам қала тұрғынын немесе 200-ден астам көппәтерлі үй мен әлеуметтік сала нысанын жылумен қамту сенімділігін арттырады, сондай-ақ қаланың жылу желілерінің тозу деңгейін төмендетеді.

Үкімет алдағы жылу беру маусымына дайындықты тұрақты бақылауда ұстауда. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдан бері электр станцияларындағы 10 энергия блогына, 63 қазандық пен 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар 17 мың шақырым электр тарату желісі жаңартылып, 420 қосалқы станция жаңғыртылды және ең көп тозған 323 шақырым жылу желісі ауыстырылды. Нәтижесінде электр станциялары жабдықтарының тозу деңгейі 53%-ға, жылу желілерінің тозу деңгейі 50%-ға дейін төмендеді. 


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
1 комментарий
  • Avery
  • 10-07-2026, 03:18
  • : 03:18
References: Legiano Casino Login Deutschland https://wiki.computacaonaescola.ufsc.br/
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді