Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Қауіпті әзіл": мектептерге бомба қойылғаны туралы жалған хабар таратқан жасөспірімдер ұсталды

Фото: Polisia.kz

Полицейлер мектептерде жарылғыш зат қойылды деген екі жалған хабарды әшкереледі. Екі оқиға да бір күнде орын алған, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші жағдай Петропавл қаласында тіркелді. 112 нөміріне орта мектептердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері және жарылғыш заттарды залалсыздандыру мамандары жіберілді. Тексеру барысында күмәнді заттар табылған жоқ. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті - тоғызыншы сынып оқушысы ұсталды. Ол психиатриялық есепте тұрады. Алматы облысының Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне де осындай хабарлама келіп түсті. Белгісіз адам Қаскелең қаласындағы орта мектептердің біріне бомба қойылғанын айтқан. Аталған жағдай бойынша да жедел әрекет етіліп, мектеп ғимараты толық тексерілді. Ешқандай жарылғыш зат анықталған жоқ. Көп ұзамай тәртіп сақшылары жалған хабар таратқан адамның жеке басын анықтады. Ол 16 жастағы жасөспірім болып шықты. Бұл фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды.

- Мұндай "әзілдер" ауыр құқықтық салдарға әкеп соғады. ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін айыппұлдан бастап бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған. Сонымен қатар жалған шақырулар шұғыл қызметтердің уақытын алады, - деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі. 

Полиция ата-аналарға балаларының мінез-құлқына мән беріп, оларға ойланбай жасалған әрекеттердің салдарын түсіндіріп, қоғам мен заңға деген жауапкершілікті қалыптастыру қажеттігін ескертеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті