Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада демалыс күндері мас күйде көлік басқарған 22 жүргізуші ұсталды

Астанада демалыс күндері мас күйде көлік басқарған 22 жүргізуші ұсталды
Фото: polisia.kz

Астанада демалыс күндері мас күйде көлік басқарған 22 жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарған жүргізушілерді анықтауға бағытталған рейдтік іс-шараларды жалғастыруда. Астанада демалыс күндері “Мас жүргізуші – қылмыскер!” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Өткен демалыс күндері жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері көлік құралын мас күйде басқарған 22 жүргізушіні анықтады. Осындай жағдайлардың бірі Астана қаласы патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен тіркелді. Жедел-профилактикалық іс-шара аясында полицейлер Chery автокөлік жүргізушісін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдік масаңдық белгілері байқалған. Ер адам медициналық куәландыруға жеткізіліп, оның нәтижесі алкогольдік масаң күйде болғанын растады. Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік арнайы коммуналдық тұраққа қойылды.

Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Полиция көлікті алкогольдік масаң күйде басқару жай ғана жол қозғалысы ережесін бұзу емес, жүргізушінің өз өміріне де, мүлдем кінәсіз адамдардың өміріне де қауіп төндіретін жауапсыз әрекет екенін ескертеді. Мас күйде рөлде өткізген бірнеше минут орны толмас қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Полиция азаматтарды алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін көлік тізгініне отырмауға, жақындарының мұндай әрекетке баруына жол бермеуге және жолда қауіп төндіретін жүргізушілер туралы құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарлауға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды