Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарлық полицейлер тұрғыннан 2,5 тонна шаян мен 515 келі балық тәркіледі

Павлодарлық полицейлер тұрғыннан 2,5 тонна шаян мен 515 келі балық тәркіледі
Фото: Polisia.kz

Павлодар облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында 515 келі заңсыз ауланған балық пен 2,5 тонна Артемия-салина шаянын тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар қаласында 35 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен Mitsubishi Montero Sport автокөлігі тоқтатылды. Авто салонын қарау кезінде жедел қызметкерлер жалпы салмағы 515 келі болатын 23 қап балық (мөңке, сазан) тауып алып, тәркіледі. Жүргізушіде балық аулауға рұқсат беретін құжаттар болған жоқ. Анықталғандай, тұрғын Павлодар облысындағы көлдердің бірінде балықты заңсыз аулаған.

Басқа жағдайда, 3 қыркүйек күні рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер Павлодар қаласының тұрғынын ұстады, оның ГАЗель көлігінен жалпы салмағы 2,5 тоннадан асатын 53 қап Артемия-салина шаяны табылды.

–  Осы фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша мемлекетке келтірілген залал анықталады, – деді Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам, оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп есептеледі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды