Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада полиция 3 600-ден астам азаматтың тұрғылықты мекенжайын тексерді

Астанада полиция 3 600-ден астам азаматтың тұрғылықты мекенжайын тексерді
Фото: polisia.kz

Астанада "Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Заң мен тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру аясында елорда аумағында қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған "Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараның негізгі мақсаты — құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғын үйлер мен аулалардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіз жағдайда өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау. Іс-шара аясында полиция қызметкерлері тұрғын үйлерді, жалға берілетін пәтерлерді, жатақханаларды, хостелдер мен қонақүйлерді кешенді тексеруден өткізуде. Сонымен қатар ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, олармен қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында ішкі істер органдарында есепте тұрған 3 600-ден астам азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерілді. Көші-қон заңнамасын бұзудың 600-ден астам дерегі анықталып, қаруды сақтау қағидаларын бұзудың 28 фактісі тіркелді. Сондай-ақ тұрақты тұрғылықты жері жоқ 190-нан астам адам ұсталды. Полиция қызметкерлері азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, тұрғын үйлердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қабылдауға және күдік тудыратын жағдайлар туралы полицияға уақтылы хабарлауға шақырады. Мұндай іс-шараларды өткізу құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың қорғалу деңгейін арттыруға және елорда тұрғындары үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды