Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістандық полицейлер қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда

Түркістан облысының полицейлері “Учаске” жедел- алдын алу іс-шарасын өткізуді жалғастыруда, деп хабарлайды Polisia.kz.


7 қыркүйектен бастап Түркістан облысының аумағында “Учаске” жедел – алдын алу іс-шарасы басталды.


Іс-шараның мақсаты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және қылмыстың жолын кесу, халықпен тығыз қарым-қатынас орнату болып табылады.


“Учаске” жедел – алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелердің аулаларын және пәтерлерді аралайды, базарлар мен сауда орындарын, саяжай алқаптарын, құрылыс объектілерін, жертөлелерді және қараусыз қалған басқа да орындарды тексереді.


Бұл жолы ішкі істер органдарының есебінде тұрған адамдарды тексеруге, ереже бұзған шетелдіктерді және заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылар мен шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған жұмыс берушілерді анықтауға ерекше назар аударылды.


Мысалы, Келес ауданының полиция қызметкерлері “Учаске “жедел -алдын алу іс-шарасы барысында 11 мыңға жуық үй мен пәтерді тексеріп шықты, нәтижесінде 598 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды және 7 адам профилактикалық есепке қойылды.


Сонымен қатар, карантиндік режим талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көшелерде және қоғамдық орындарда өтіп бара жатқан адамдарға медициналық бетперделерді таратты.


Айта кететін жайт, “Учаске” жедел – алдын алу іс-шарасы Түркістан облысының аумағында 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады.


Өз кезегінде полиция қызметкерлері облыс тұрғындарына қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді