Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таразда кальян шеккендер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Таразда кальян шеккендер әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Фото: polisia.kz

Таразда кальян шеккендер әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысы ПД бастығының нұсқауына сәйкес, “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы заңға енген өзгерістер бойынша полиция қызметкерлерімен Тараз қаласы аумағындағы көңіл көтеру орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Іс-шара барысында ҚР ҚК 301-1-бабы (Шегілмейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы) бойынша 7 дерек тіркелді.

Тексерілген ойын-сауық мекемелерінде, қоғамдық орындарда қорқор (кальян) тұтынуға тыйым салудың 18 бұзушылық дерегі анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.

— Рейд жүргізілген барлық ойын-сауық мекемелерінде кальян шегуге тыйым салу туралы ақпараттық парақшалар таратылды. Анықталған деректер Тараз қаласы бойынша тіркелген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісіне қатысты сот-химиялық сараптама тағайындалған. Сараптама қорытындысына сәйкес, түпкілікті процесуалдық шешім қабылданады, —деді Тараз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Нұржан Керебаев.

Аталған бағыттағы рейдтік жұмыстар полиция қызметкерлерімен қала аумағында күнделікті өткізеді.

Жамбыл облысының полиция департаменті азаматтарға мейрамханаларда, кафелерде, барларда және басқа да қоғамдық мекемелерде қорқор шегуге тыйым салынғанын, тұтынғаны үшін 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылғанын ескертеді.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді