Қызылордада электронды темекіні пайдаланған 5 жасөспірім анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласының Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері жасөспірімдер арасында күнделікті түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Мысалға, жыл басынан бері 52 рейдтік іс-шара, жеті жедел-профилактикалық іс-шарасы, бір республикалық акция өткізілді.
Ал ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен 3 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, әкімшілік шара көрілді.
Күнделікті атқарылып жатқан шараларға қарамастан, ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабымен (Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу) 5 дерек, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) 65 дерек, ҚР ӘҚБтК-нің 423-1-бабымен (Жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату) жеті дерек анықталып, заңды шара көрілді.