Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөнінде ірі сауда желілерімен меморандумға қол қойылды

Алматыда азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөнінде ірі сауда желілерімен меморандумға қол қойылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және белгіленген сауда үстемесін сақтау мақсатында Алматы қаласы әкімдігі Magnum, Small және Toimart ірі сауда желілерімен бағаны тұрақтандыру жөнінде меморандумға қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжат аясында сауда желілері биылғы жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін 15%-дан асырмай, бағаны тұрақты деңгейде ұстап тұруға дайын екенін растады.

Меморандумға қол қоюдың басты мақсаты – баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрғындарды қолдау және бірінші қажеттіліктегі өнімдердің алыпсатарлық жолмен қымбаттауына жол бермеу.

Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы өңірлік жеткізілімдерді дамыту және отандық өндірушілерді қолдау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бұл шаралар тауарлық қор қалыптастыруға және қала нарығын азық-түлік өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бағаны тұрақтандыру мақсатында отандық өндірушілердің өнімдерін тікелей жеткізу ұйымдастырылған. Қазір олардың өнімдері ірі сауда желілерінің сөрелеріне қойылған:
– «Алатау-Кус» АҚ, «Отан Грин Фуд» ЖШС және «Наурыз Агро» ЖШС өндіретін құс еті;
– «Сары-Бұлақ» ЖШС-нің І санаттағы жұмыртқасы;
– «Асыл Дән» ЖШС-нің күріші;
– «КаистИнвест» ЖШС-нің қанты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті