Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте театрға құрал-жабдық сатып алуға арналған 136 миллион теңге жоғалған

Шымкентте театрға құрал-жабдық сатып алуға арналған 136 миллион теңге жоғалған
Фото: pixabay.com

ҚМА Шымкент бойынша департаменті "Шымкент жастар театры" МКҚК директоры мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты 136 миллион теңгеден астам көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚМА мәліметінше, мемлекеттік бюджеттен концерт өткізуге арналған жабдықтарды (соның ішінде колонкалар, сабвуферлер, сахналық ферма, күшейткіштер, микрофондар және т.б.) сатып алуға 320 миллион теңге бөлінген.

Алайда сатып алу талаптарын бұза отырып, лоттарды қолдан бөлшектеу арқылы 20-дан астам атау бойынша сатып алу электронды дүкен арқылы жүргізілген. Электронды сауда алаңы арқылы жабдықты нақты жеткізбеген жалған жеке кәсіпкерлермен келісімшарттар жасалып, қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.

"Күдіктілердің бірі қылмыстық жолмен алынған табысқа жалпы құны 48 млн теңгені құрайтын автокөлік пен пәтер сатып алып, мүлікті жасыру мақсатында оларды сенімді адамдардың атына рәсімдеген", - делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Күдіктілер қамауға алынды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті