Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік полицейлері жыл басынан бері 81 мыңнан астам құқық бұзушылықты тіркеді

Көлік полицейлері жыл басынан бері 81 мыңнан астам құқық бұзушылықты тіркеді
Фото: polisia.kz

Жыл басынан бері көлік полицейлері түрлі құқық бұзушылықтар жасаған 81 мыңнан астам адамды жауапқа тартты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері 81 346 түрлі әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Олардың ішінде ең жиі кездесетіні – теміржолды белгіленбеген жерлерден кесіп өту. Осы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында осы құқық бұзушылық үшін 43 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұндай жауапсыз әрекеттердің салдарынан пойыздар 1 355 рет шұғыл тежеу қолдануға мәжбүр болған. Оның 262-сі теміржолдарда адамдардың болуына байланысты, ал 1 052 жағдайда теміржолға үй жануарлардың шығуы себеп болған. Бұл туралы көліктегі полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Қайрат Дүйсенов айтты. Оның айтуынша, көлік полицейлері құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзімділік" қағидатын қалыптастыру бағытында профилактикалық жұмыстарды белсенді жүргізуде.

Нәтижесінде қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе масаң күйде жүрген 6 444, темекі шегуге тыйым салу талаптарын бұзған 3 705, қоғамдық орындарды ластаған 2 203, белгіленбеген орындарда сауда жасаған 2 611, түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмағандар бойынша 1 774, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 677 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, таяуда Қызылорда станциясының теміржол вокзалы перронында 32 жастағы тепловоз машинисі көмекшісінің бормен жазу жазып, автомат қаруының суретін салғаны анықталды. Осы әрекеті арқылы ол қоғамдық орынды бүлдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған. Қызылорда станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері құқық бұзушыға қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жиналған іс материалдары қарау үшін сотқа жолданды. Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен аталған азамат кінәлі деп танылып, оған 151 375 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Сонымен қатар жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзудың 4179 фактісі анықталды. 3252 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың 972-сі сот шешімімен Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Бұдан бөлек, шетелдік жұмыс күшін заңсыз еңбек қызметіне тартқаны үшін 52 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. Заң – баршаға ортақ. Азаматтарды заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға, азаматтық жауапкершілік танытуға және қоғамдағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуға шақырамыз.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды