Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстау облысында 2 келіден астам марихуана тәркіленді

Маңғыстау облысында 2 келіден астам марихуана тәркіленді
Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысында 2 келіден астам марихуана тәркіленді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтынна сілтеме жасап.

“Қарасора” және “Канал” жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен елді мекенінде есірткі заттарын заңсыз сақтау дерегін анықтады.

Жедел іс-шара барысында 48 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Opel Vectra маркалы автокөлігі тоқтатылды. Автокөлікке жүргізілген тінту барысында ақ түсті қораптың ішінен екі полиэтилен пакетке салынған марихуана есірткі заты табылды. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы шамамен 2 келі 355 грамды құрады. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сараптама нәтижесінде Opel автокөлігінің жүргізушісі мен оның ішінде болған жолаушы азаматтың ағзасынан каннабиноидтар метаболиттері анықталды. Осыған байланысты оларға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.  Күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды