Алматыда Абай күніне арналған концерт-спектакль өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алатау» дәстүрлі өнер театрында қазақ ойшылы және ақыны Абай Құнанбаевтың туған күніне орай аншлагпен «Абай әлемі» концерт-спектаклі өтті.Бағдарлама үш бейнедегі ұлы ағартушы – Жас Абай, дана Абай және балуан Абайды көрсететін сахналық қойылымдардан басталды. Рөлдерді еліміздің жетекші актерлері Ернат Күншібаев, Болат Әбділманов және Еран Біләл сомдады.Спектакль Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академиясы ұжымының хор орындауымен сүйемелденді. Steppe sons тобының аспаптық орындауы ерекше атмосфераны толықтырды.Ақынның Жыл мезгілдері туралы өлеңдерін оқыған балалардың сахнаға шығуы да әсерлі болды.Бағдарламаның музыкалық бөлімінде «МузАРТ» тобы мен Ерден Жақсыбек өнер көрсетті.Соңында IL canto вокалдық квартеті Абайдың әйгілі әндерінен попурри орындады.