Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да полиция табиғатты қорғау заңнамасын бұзған азаматтардың жолын кесті

ШҚО-да полиция табиғатты қорғау заңнамасын бұзған азаматтардың жолын кесті
Фото: polisia.kz

ШҚО-да бір апта ішінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 45 фактісі анықталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өңірдің жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау, жануарлар мен балықтарды заңсыз аулауға жол бермеу, сондай-ақ орман қорын сақтау. Алғашқы аптаның өзінде полицейлер 45 құқық бұзушылықты анықтады. Оның 27-сі аң аулау қағидаларын бұзуға, 17-сі балық аулау қағидаларын бұзуға қатысты. Тағы бір дерек ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдауға байланысты тіркелді. Барлық дерек бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды. Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 382, 383 және 381-1-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тексерулер заңсыз аң аулау мен балық аулау орын алуы мүмкін аумақтарда, сондай-ақ басқа да табиғи аймақтарда жүргізілуде. Полицейлер құқық бұзушылықтарды анықтаумен қатар, азаматтарға аң аулау және балық аулау қағидаларын түсіндіріп, табиғатқа ұқыпты қараудың маңызын еске салады. "Браконьер" жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Полиция облыс тұрғындары мен қонақтарын табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға шақырады. Өйткені туған өлкенің табиғи байлығын сақтау – баршамызға ортақ міндет.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды