Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да 8 қазандық пен 3 турбинаға күрделі жөндеу аяқталды

ШҚО-да 8 қазандық пен 3 турбинаға күрделі жөндеу аяқталды
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау аясында қолданыстағы электр станцияларын жаңғыртуға және энергетикалық жабдықтардың техникалық дайындығын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл – жылыту маусымын сенімді өткізуге қойылатын негізгі талаптардың бірі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында электр станцияларының негізгі энергетикалық жабдықтарын күрделі жөндеу науқаны аяқталды. Жүйелік оператордың жоспарына сәйкес, биыл 8 қазандық агрегаты мен 3 турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізілді.

Атап айтқанда, Өскемен ЖЭО-да 4 қазандық пен 2 турбоагрегат, Согра ЖЭО-да 3 қазандық пен 1 турбоагрегат, Риддер ЖЭО-да 1 қазандық күрделі жөндеуден өтті.

Жүргізілген жұмыстар жабдықтарды пайдалану сенімділігін арттыруға, олардың техникалық дайындығын қамтамасыз етуге және жоғары жүктеме кезеңінде станциялардың тұрақты жұмыс істеуіне бағытталған.

Қазіргі уақытта өңірдегі үш жылу электр орталығы да электр және жылу энергиясын өндіруде. Станциялар тұрақты жұмыс істеу үшін қажетті отын қорымен қамтамасыз етілген.

Атап айтқанда, Өскемен ЖЭО-да 6 қазандық  пен 4 турбоагрегат, Согра ЖЭО-да 3 қазандық пен 2 турбоагрегат, Риддер ЖЭО-да 4 қазандық пен 1 турбоагрегат жұмыс істеп тұр.

Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті жылыту маусымының сенімді өтуін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Комитеттің аумақтық департаменттері жылу электр орталықтарының негізгі және қосалқы жабдықтарының техникалық жай-күйіне, станциялардың жұмыс режимдеріне, температуралық кестелердің сақталуына және нормативтік отын қорының болуына тұрақты мониторинг жүргізуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды