Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Семей, Степногорск және Петропавл қалаларында жылуды іске қосуға баса назар аударуды тапсырды

Олжас Бектенов Семей, Степногорск және Петропавл қалаларында жылуды іске қосуға баса назар аударуды тапсырды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Жиында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов баяндама жасады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, Павлодар облысында жылу беру маусымы басталды. Осы аптаның соңына дейін Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында жылу беру жоспарланып отыр. Қалған солтүстік және шығыс өңірлерде жылыту маусымын 1 қазанға дейін бастау көзделген.

Жалпы барлық өңірде жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында жұмыстар толық аяқталды. Энергия көздерінде жылу беру маусымын бастауға қажетті отын қоры мен жабдықтар дайын.

Сонымен қатар Семей, Степногорск және Петропавл қалаларында дайындық жұмыстары әлі де толық аяқталған жоқ.

«Министрдің баяндамасында айтылды, бірқатар өңірде жөндеу жұмыстары толық аяқталмаған. Аталған өңір әкімдері жылу беру мәселесін тікелей бақылауға алсын. Семей, Степногорск және Петропавл қалаларында жылу жүйесін іске қосуға баса назар аудару қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жылу беру маусымы бойынша бақылау мен үйлестіру мәселелері Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды