Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында полиция жасөспірімді ықтимал қауіптен құтқарып қалды

Түркістан облысында полиция жасөспірімді ықтимал қауіптен құтқарып қалды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысы Шардара қаласында полицейлер мопед басқарған жасөспірімді анықтап, оның өмірі мен қауіпсіздігіне төнуі мүмкін қатердің алдын алды. Оқиға полицейдің қызметтік көлігінің бейнетіркегішіне түсірілген,деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, патрульдік полиция инспекторлары тіркелмеген мопедті байқап, жүргізушіге тоқтау туралы талап қойған. Алайда ол полицейлердің заңды талабына бағынбай, оқиға орнынан қашуға әрекеттенген. Тәртіп сақшылары уақыт жоғалтпай, жедел әрекет етті. Мопедтің қозғалыс бағытын бақылауға алып, тоқтатты. Осылайша құқық бұзушының әрі қарай қашуына жол берілмеді.

Тексеру барысында мопед тізгіндеген азаматтың кәмелетке толмаған жасөспірім екені, сондай-ақ оның көлік құралын басқаруға қажетті жүргізуші куәлігі жоқ екені анықталды. Заң талаптарына сәйкес, көлікті басқару құқығы жоқ адамның оны басқарғаны және полиция қызметкерінің көлікті тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны үшін тиісті әкімшілік шаралар қабылданды. Мопед арнайы айыптұрағына қойылды. Жасөспірімнің ата-анасына қатысты әкімшілік материал сотқа жолданды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды