Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жылу-электр орталықтарының 50 негізгі жабдығы күрделі жөндеуден өтті

Жылу-электр орталықтарының 50 негізгі жабдығы күрделі жөндеуден өтті
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде еліміздің энергетикалық инфрақұрылымын алдағы жылыту маусымына дайындауға арналған баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ернар Хасенов жөндеу науқанының барысы, энергетикалық нысандардың, электр және жылу желілерінің дайындығы, сондай-ақ алдағы жылыту маусымын отынмен қамтамасыз ету туралы баяндады.

Атап өтілгендей, жылыту маусымына дайындық жоспарлы режимде жүргізілуде. Комитет пен оның аумақтық департаменттері энергетикалық нысандардағы жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімдерінің сақталуына тұрақты мониторинг жүргізіп келеді. Биыл электр станцияларында 9 энергия блогын, 55 қазандық пен 51 турбинаны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Жөндеу науқанына 384 млрд теңге қарастырылған, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 9%-ға жоғары.

Бүгінде 3 энергия блогында, 26 қазандықта және 21 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар негізгі жабдықтардың 50 бірлігінде, оның ішінде 4 энергия блогы, 28 қазандық және 18 турбинада күрделі жөндеу толық аяқталды. Электр желілерінде де ауқымды жұмыстар атқарылды. Электр беру желілерін күрделі жөндеу бойынша 17,1 мың шақырым желі жөндеуден өтті. Сондай-ақ 444 қосалқы станцияның 404-інде жөндеу жұмыстары аяқталды, бұл – 91%. Бұдан бөлек, 3 209 тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы станция жөнделді. Жылу желілерін дайындауға да ерекше көңіл бөлінуде. 2026 жылы оларды жөндеу және реконструкциялау бойынша 377 шақырым жоспарланған. Қазіргі уақытта жұмыстардың орындалу деңгейі 89%-ды құрайды.

Жөндеу науқанының қорытындысы бойынша жылу желілерінің орташа тозу деңгейін 48%-ға дейін төмендету күтілуде. Отынмен қамтамасыз ету мәселесі де тұрақты бақылауда. Қазіргі таңда энергия көздерінің қоймаларында 4,2 млн тонна көмір және 131 мың тонна мазут жинақталған. Алдағы жылыту маусымында коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықтың көмірге қажеттілігі 7,5 млн тонна көлемінде айқындалды. Оның ішінде 1,6 млн тонна коммуналдық-тұрмыстық секторға, 5,7 млн тонна халыққа арналған. Қажетті көлемдер бекітілген жоспар-кестеге сәйкес қамтамасыз етіледі. Көмірді уақытылы жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында оның өндірушіден өңірге дейінгі қозғалысына тұрақты бақылау жүргізілуде. Осы бағытта барлық мүдделі тараптардың қатысуымен Республикалық штаб өз жұмысын жалғастыруда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді