Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында 52 бас ірі қара малды ұрлағандар сотталды

Абай облысында 52 бас ірі қара малды ұрлағандар сотталды
Фото: polisia.kz

Абай облысында Жарма ауданында полицейлер ірі қара мал ұрлығына қатысты бірқатар қылмыстың бетін ашты. Тергеу барысында алты эпизодқа сегіз адамның қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 19,8 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2025 жылдың қыркүйек айында Суықбұлақ ауылының маңында малдың жоғалғаны туралы полицияға арыздар түсе бастаған. Әртүрлі уақытта шаруа қожалықтары мен жеке тұрғындарға тиесілі мал ұрланған. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Полицейлер малдың жоғалу мән-жайын анықтап, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеді, сондай-ақ жедел-іздестіру және тергеу шараларын жүргізді. Тергеудегі маңызды айғақтардың бірі жеке тұрғын үй ауласында ірі қара малдың сойылған сәті түсірілген бейнежазба болды. Жазбаны зерделеп, алынған мәліметтерді тексеру нәтижесінде күдіктілер анықталды.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде сегіз адам ұсталды. Алғашқы дерек бойынша тергеу жұмыстарын жалғастырған полицейлер мал ұрлығының тағы бес эпизодын анықтады. Жалпы, тергеу барысында 52 бас ірі қара малдың ұрланғаны дәлелденді. Келтірілген шығын көлемі 19,8 млн теңгеден асқан. Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданды. Жарма аудандық сотының үкімімен кінәлілер бас бостандығынан айырылды. Полиция мал иелеріне төрт түліктің жайылымдағы қозғалысын бақылап, малдың бар-жоғын уақытылы тексеріп отыруды және жоғалған жағдайда дереу "102" нөміріне хабарласуды ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды