Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Роман Скляр өткен және алдағы жылыту маусымының мәселелері бойынша жиындар өткізді

Роман Скляр өткен және алдағы жылыту маусымының мәселелері бойынша жиындар өткізді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен жылыту маусымының қорытындылары және алдағы жылыту маусымына дайындық туралы жиындар өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Олардың барысында 2025-2026 жылғы күзгі-қысқы кезеңдегі жылыту маусымының аяқталуы, осы жылға арналған жөндеу науқаны, сондай-ақ проблемалық мәселелерді жою туралы баяндамалар тыңдалды.

Жүйелі ұйымдастырылған жұмыстың арқасында жылыту кезеңі өңірлерде тұрақты өтті, ірі технологиялық бұзылулар байқалмады. Тұтынушылар электр және жылу энергиясымен толық қамтамасыз етілді.

Өткен жылы электр стансаларында 10 энергоблокта, 63 қазандықта және 39 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілді. Электр желілерінде 17 мың шақырым электр беру желілері, 420 қосалқы станса жөнделді. Сондай-ақ, 323 шақырым жылу желілері қайта жаңартылып, ауыстырылды.

Алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде электр стансаларында бекітілген кестеге сәйкес биыл 9 энергоблокты, 55 қазандықты және 51 турбинаны жөндеу жоспарланған. Бүгінгі таңда бір қазандық пен бір турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды.

Жиындардың қорытындысы бойынша Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Энергетика министрлігіне және өңірлік басқармалардың басшыларына энергетика объектілерінің алдағы жылыту маусымына дайындық барысын тұрақты бақылау және ағымдағы мәселелерді шешу үшін уақтылы шаралар қабылдау туралы тапсырмалар берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді