Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Заң және тәртіп»: Астанада рейд барысында сауда орындары тексерілді

«Заң және тәртіп»: Астанада рейд барысында сауда орындары тексерілді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада Сарыарқа ауданының аумағында мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен «Заң және тәртіп» жобасы аясында рейдтік іс-шара өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Басты мақсат – алкогольдің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, сондай-ақ 21 жасқа толмаған азаматтарға темекі өнімдерін сату фактілерін болдырмау.Тексеру барысында бірқатар сауда орны қаралып, олардың ішінде екеуінде заң бұзушылықтар анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды, атап айтқанда:- ҚР ӘҚБтК 423-1-бабы – 21 жасқа толмаған тұлғаларға темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылатын темекі бұйымдарын, кальян қоспасын және темекіні қыздыру жүйелерін заңсыз сату.- ҚР ӘҚБтК 200-бабы – алкоголь өнімдерін өткізу талаптарын бұзу.

«Рейд барысында алкоголь мен темекі өнімдерінің заңсыз сатылымы әлі де өзекті мәселе екенін көрсетті. Бұл өнімдердің кәмелетке толмағандарға сатылуы мен контрафакт өнімдерінің айналымы азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді. Мұндай заң бұзушылықтарды жою және қоғамда заңға бағыну мен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін рейдтік іс-шараларды жүйелі түрде жалғастырамыз», - деді Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының бас маманы Дамир Хисматуллин.

Аудан әкімдігі кәсіпкерлерді заң талаптарын қатаң сақтауға, ал қала тұрғындарын алкоголь мен темекінің заңсыз сатылу фактілері туралы хабарлауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді