Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында Шымкентте «Ордабасы» командасының жеңісіне арналған мерекелік жиын өтті

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында Шымкентте «Ордабасы» командасының жеңісіне арналған мерекелік жиын өтті
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкентте футболдан Қазақстан чемпионы атанған «Ордабасы» клубының жеңісіне арналған мерекелік шара өтті. «Астана» алаңында ұйымдастырылған салтанатты кешке қала тұрғындары мен қонақтары жиналып, команданың тарихи жетістігін бірге атап өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай өткен шарада клуб ойыншылары мен бапкерлер құрамына чемпиондық алтын медальдар табысталып, жеңімпаз кубогы салтанатты түрде тапсырылды. Жиында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков футболшыларды жеңісімен құттықтап, чемпиондық жетістіктің артында үлкен еңбек пен командалық бірлік тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ клубқа қолдау көрсеткен «Интегра» компаниясының басшылығына, бапкерлерге және жанкүйерлерге алғыс білдірді.

Ал клуб президенті әрі директорлар кеңесінің төрағасы Дархан Қызайбай бұл жеңістің бүкіл қала тұрғындарына ортақ қуаныш екенін жеткізді. Оның айтуынша, команда сегіз ай бойы дайындалып, чемпиондық мақсатқа жету жолында аянбай еңбек еткен. Алдағы уақытта «Ордабасыны» халықаралық деңгейде таныту көзделіп отыр.Мерекелік кеште танымал өнер иелері Қайрат Нұртас пен Bayansulu өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Шара соңы мерекелік отшашумен түйінделді.
Айта кетейік, 25 қазанда өткен чемпионаттың қорытынды кезеңінде 68 ұпай жинаған «Ордабасы» мерзімінен бұрын Қазақстан чемпионы атанды. Осылайша, шымкенттік клуб өз тарихында екінші рет ел біріншілігінің алтын жүлдесін иеленді. Бұл нәтиже командаға алдағы маусымда УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде ел намысын қорғауға мүмкіндік береді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды