Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да заңсыз темекі өнімдерінің ірі партиясы мен 180 литр спирт иісі бар сұйықтық тәркіленді

СҚО-да заңсыз темекі өнімдерінің ірі партиясы мен 180 литр спирт иісі бар сұйықтық тәркіленді
Фото: polisia.kz

Петропавл қаласында полиция қызметкерлері заңсыз сақталған темекі өнімдері мен спирт иісі бар сұйықтықты анықтады. Өнімдердің акциздік таңбалары болмаған және көлемі өте көп болған. Заңсыз тауарлар тәркіленіп, олардың айналымына тосқауыл қойылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаланың орталығындағы сауда үйлерінің бірінде орналасқан қойманы тексеру кезінде полиция қызметкерлері заңсыз сақталған темекі өнімдері мен спирт иісі бар сұйықтықты анықтады. Қойманы 54 жастағы қала тұрғыны жалға алғаны белгілі болды. Тексеру барысында акциздік таңбасы жоқ шамамен 15 мың қорап темекі тәркіленді. Сондай-ақ 180 литр көлеміндегі спирт иісі бар сұйықтық салынған 36 бес литрлік ыдыс алынды. Анықталған барлық өнім тәркіленді.

Жиналған материалдар процестік шешім қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органға жолданды. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені немесе қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін 7018 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алкоголь өнімдерін өткізу қағидаларын бұзғаны үшін – 152, алкоголь өнімдерін заңсыз өткізгені үшін – 166, этил спиртінің айналымы саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 4 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан 7600 литрден астам алкоголь өнімдері тәркіленді. "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында темекі және алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және оның жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді