Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай мұнай-газ, энергетика салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Қытай мұнай-газ, энергетика салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс тобының бесінші отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Отырысқа энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының (CNPC) басшысы Чжоу Синьхуай, екі елдің ұлттық мұнай-газ компанияларының басшылары мен өкілдері қатысты.

Тараптар мұнай-газ, энергетика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.

Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейін атап өтіп, энергетика саласындағы бірлескен жобаларды уақтылы жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.

Отырыс барысында тараптар мұнай жеткізу көлемін ұлғайту, мұнай құбырларының өткізу қабілетін кеңейту, геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру, газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту, Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын кеңейту, мұнай-газ химиясы жобаларын жүзеге асыру және жаңа энергетика бағыттарындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Жер қойнауын пайдалану саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру, қолданыстағы келісімшарттардың мерзімін ұзарту мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелерді шешу жолдары қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Нұрлыбек Нәлібаев бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жеделдетудің, өзекті мәселелер бойынша өзара тиімді шешімдер қабылдаудың, қол жеткізілген уағдаластықтардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды