Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев East Hope Group өкілдерімен кездесу өткізді

Нұрлыбек Нәлібаев East Hope Group өкілдерімен кездесу өткізді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев East Hope Group компаниясының стратегиялық инвестициялар жөніндегі бас директоры Чен Леймен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстанда өндірістік және энергетикалық нысандарды құруды көздейтін алюминий саласындағы ірі инвестициялық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды.  

Атап айтқанда, компания Қостанай облысында жалпы құны $10 млрд-тан асатын өндірістік кешенді іске қосуды жоспарлап отыр. Жоба бокситтерді өңдейтін тау-кен байыту комбинатын, алюминий өндіретін электролиз зауытын және жел электр станциясын салуды қамтиды.

Тараптар жобаны пысықтаудың ағымдағы мәртебесін, сондай-ақ шикізат базасымен, энергетикалық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және мемлекеттік органдармен одан әрі өзара іс-қимыл жасау мәселелерін қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрлыбек Нәлібаев Үкіметтің жобаны іске асыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру ниетін растады.  

Анықтама: East Hope Group әлемдегі ең ірі электролиттік алюминий, глинозем және поликремний өндірушілердің қатарына кіреді. 2010 жылдан бастап компания Қытайда электролиттік алюминий, өнеркәсіптік кремний және поликремний өндірісін, сондай-ақ қуаттылығы 4,2 ГВт болатын автономды электр станциясын қамтитын біріктірілген өнеркәсіптік паркті құруға шамамен $10 млрд инвестициялады. Жоба аясында 10,7 мың тікелей және 30 мыңнан астам жанама жұмыс орны құрылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді